Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Зиданның "Реал" президентіне қойған 6 шарты

Зиданның "Реал" президентіне қойған 6 шарты

Зиданның

"Реал" футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне қайта оралған Зиннедин Зидан команда президенті Флорентино Переске өзінің талап-тілегін орындатпақ, - деп жазады Marca басылымы.

46 жастағы француз маманы өзі айтқан шарт бойынша жұмыс жасамақ. Зиданның талап-тілегін клуб басшылығы ескеріп, 2022 жылдың жазына дейін келісімге келген.

1. Зидан команда құрамын өзі толық бақылауда ұстамақ.

2. Өз жоспарына сай келмейтін ойыншыларды сатып жібермек.

3. Қорғаушы Марсело мен жартылай қорғаушы Исконы командада алып қалғысы келеді.

4. Неймардың "Реалға" ауысып келуіне қарсы.

5. Хамес Родригестің командаға қайта келгенін қаламайды.

6. Килиан Мбаппенің мадридтік клубқа ауысуына барынша жағдай жасамақ.

Зиннедин Зидан "Реалды" осыған дейін де жаттықтырған. 2016-2018 жылдар аралығында мадридтік команда француз маманымен зор жетістікке жетті. Чемпиондар лигасын үш жыл қатарынан ұтқан алғашқы команда атанды. Испания чемпионы, Суперкубогы, УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. Екі рет клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Жаттықтырушы 2001 және 2006 жылдар аралығында футболшы болып "Реалда" ойнаған. Мансабын да осы команда сапында аяқтады.

Фото: Sportbox
Қосылған күні: 13 наурыз, 15:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.