"Қазақ сарбазы" Алматыда индонезиялық боксшымен жұдырықтасады

"Қазақ сарбазы" Алматыда индонезиялық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов 24 наурыз күні Алматыда өтетін бокс кешінде индонезиялық боксшы Джон Рубамен жұдырықтасады.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атағына ие отандасымыз бұл жолы WBC Asia чемпиондық белбеуіне таласады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

25 жастағы индонезиялық боксшы кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізген. Оның 17-де жеңіске жеткен. 5 кездесуінде қарсыласына есе жіберсе, 1 жекпе-жегінде тең түскен.

"Қазақ сарбазы" деген лақап атпен танылып келе жатқан Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізді. Барлық қарсыластарын уақытынан бұрын ұтып шықты.

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде отандасымыз Айдос Ербосынұлы намибиялық боксшы Лукас Ндафолумен (15-1, 6 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулері үшін өтеді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар