Қазақстандық киберспортшылар қос турнирде топ жарды

Қазақстандық киберспортшылар қос турнирде топ жарды
Фото: hlt.org

Қазақстандық киберспортшы Санжар neaLaN Исхаков CS:GO ойыны бойынша FACEIT Pro League лигасының Еуропадағы іріктеу кезеңінде бірінші орын алды.

FACEIT Pro League - кәсіпқой киберспортшыларға арналған FACEIT платформасындағы жабық ладдер (рейтингілік жүйе). Ойыншылар шақыртумен немесе төменгі дивизионнан жолдама алу арқылы іріктеледі.

Санжар Исхаков өткізген 14 кездесуінің 11-нде жеңіске жеткен. Қазір neaLaN (лақап аты) Syman Gaming командасында өнер көрсетеді. CIS Minor Championship — Katowice 2019 турнирінің іріктеуінде 5 орын алып, негізгі кезеңге өте алмаған еді.

Syman Gaming командасында Санжар Исхаковтан бөлек өзбекстандық Санжар SANJI Кулиев, әзірбайжан Максим t0rick Заикин және ресейлік Илья Perfecto Залуцкий мен Артем iDISBALANCE Егоров өнер көрсетеді. Ал команданы Әсет Solaar Сембиев жаттықтырады.

Сонымен қатар, Virtus.pro командасында сапында ойнайтын қазақстандық киберспортшы Олжас Naiman Батырбеков Chronosphere Cup #2 онлайн турнирінде топ жарды.

Artifact ойыны бойынша бақ сынаған Олжас Батырбеков финалда Сергей Arh Sart Ревинді 2:1 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Naiman 6-7 сәуір күні АҚШ-тың Лейквуд қаласында өтетін LAN-турнирге жолдама мен $1 000 долларды қанжығасына байлады.

А. Рысдәулет