Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақ балуандары Болгариядан олжалы оралды

Қазақ балуандары Болгариядан олжалы оралды

Қазақ балуандары Болгариядан олжалы оралды

Болгарияның Русе қаласында күрес түрлерінен (еркін, грек-рим және әйелдер) дәстүрлі рейтингтік турнир аяқталды. Жарыста қазақ балуандары барлығы 9 медаль жеңіп алды.

Д.Колов пен Н.Петров атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль еншіледі.

61 кг салмақта еркін күрес шебері Нұрислам Санаев финалда үндістандық Сендаап Томарды 10:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Финалға дейін жеткен Қорлан Жаханша (55 кг, грек-рим күресі) ресейлік Виталий Кабалоевке жол беріп, күміс медальды қанағат тұтты. Қыздар арасында Марина Седнева да (55 кг) шешуші белдесуде шалынып, күміс алды.

Грек-рим күресінен жүлдеміз көп болды. Көп болғанда, көпшілігі қола медаль. Хусейн Муцольгов (87 кг), Аманғали Бекболатов (55 кг), Мейіржан Шермахамбет (67 кг) және Темірлан Шадукаев (77 кг) үшінші орыннан көрінді.

Қыздар арасында өз салмақтарында Жұлдыз Эшимова (55 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) қола медаль алды.

Жарыс жеңімпаздары 8 баллға ие болды. Күміс медаль алған балуан 6 балл еншілесе, үшінші орын иегеріне 4 баллдан берілді. 4-5 орын иегерлері 2 баллдан алды.

Айта кетейік, күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты қыркүйек айында Астанада өтеді.

Фото: unitedworldwrestling.org
Қосылған күні: 04 наурыз, 14:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.