Шевченко Украина құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

Шевченко Украина құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

Украина футбол Федерациясының президенті Анатолий Коньков атақты аяқдопшы Андрей Шевченкодан ұлттық құрама тізгінін ұстауды өтінді.

Олег Блоихин киевтік «Динамоның» бас бапкерлік қызметіне орналасқан соң, Украина құрамасы бас бапкерінен айырылған болатын. Дей тұрғанмен, Федерация мен Блохин арасындағы шартнама бойынша, маман ұлттық команданың қазан айындағы кездесулерінде бас бапкер ретінде алаңға алып шығу керек еді. Бірақ, бапкер денсаулығының нашарлығына байланысты қазан айында команданың бас бапкерлік міндетін Андрей Баль атқарды. Ол 2014 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу ойындары болатын. Нәтиже мүлде нашар! Қазіргі таңда Украина құрамасы өз тобының соңында келеді.

Бір кездері Шевченконың Украина жастар құрамасында ойнап жүрген кезіндегі бас бапкері Коньков бұл жағдайларды мұқият бақылап, 36 жасар шабуылшыға ұлттық құрама тізгінін бергенді жөн санайды екен.

«Естеріңізге алыңыздаршы, ешкімге белгісіз Хосеп Гвардиола бас аяғы үш-төрт жылдың ішінде командасымен қандай жетістіктерге жетті? Мен Шевченконың да дәл сондай жетістікке жететініне кәміл сенемін. Ол үшін Андрейде тәжірибе де, мінез де бар. Федерация тарапынан мен Шевченкоға ұлттық құрама үшін барлық жағдайды жасап беремін», - дейді Анатолий Коньков Украина Федерациясының ресми сайтына берген сұхбатында. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: shahta.org

Ю. НИКУЛЛИН