"Астана" командасының қатары румын футболшысымен толықты

"Астана" командасының қатары румын футболшысымен толықты
Фото: fca.kz

Румыния құрамасының ойыншысы Дорин Ротариу "Астана" футбол клубымен 4 жылдық еңбек келісімшартына қол қойды, - деп хабарлайды елордалық команданың ресми сайты.

23 жастағы жартылай қорғаушы өз елінде "Политехник" және "Динамо" (Бухарест) сапында ойнаған. Кейіннен Бельгияның "Брюгге" клубына ауысқан.

Дорин Ротариу соңғы маусымда "Мускрон" (Бельгия) және "Аз Алкмаар" (Нидерланд) командалары сапында жалда ойнаған.

Футболшы Румыния құрамасы сапында 9 ойынға қатысып, Швеция құрамасына қарсы ойында бір гол соққан.

Н. Үсенова