Жансель Дениз "Egypt Open" турнирінде күміс медаль еншіледі

Жансель Дениз "Egypt Open" турнирінде күміс медаль еншіледі
Фото: olympic.kz

Мысыр елінің Хургада қаласында таеквондодан G2 санатындағы рейтингілік турнир өз мәресіне жетті. Жарыс аяқталар күні Қазақстан құрамасының қоржыны бір күміс медальмен толықты.

73 кг салмақта бақ сынаған Жансель Дениз финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші сәтте Германиядан келген спортшыға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні Нұрлан Мырзабаев пен Айнұр Есбергенова қола жүлде еншілеген болатын.

1 күміс 2 қола медальмен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 12-орыннан көрінді.  

Ө. Сансызбай