QazSport UFC жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатады

QazSport UFC жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатады
Фото: ufc.com

Еліміздегі бірден-бір спорт арнасы саналатын QazSport Ultimate Fighting Championship (UFC) жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатады.

- "QAZSPORT" телеарнасы белгілі бір себептерге байланысты /телеарнаның тарапынан емес/ Ultimate Fighting Championship (UFC) жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатады. Өкінішіке қарай, екі тараптың келісімімен UFC трансляцияларын өткізу туралы келісімшарт бұзылды. Алдағы уақытта осы мәселе өз шешімін табады деп сенеміз.

Айта кетейік, мұндай түсініксіз жайтқа тек "QazSport" телеарнасы ғана емес, әлемнің басқа елдерінің арналары  да тап болды.

Өткен жылдың қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың ақпанына дейін біздің телеарнамен бірге болған жекпе-жек сүйер қауымға алғысымыз шексіз. Телеарна көрермендері түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз, - деп жазылған телеарна хабарламасында.

Айта кетейік, Ultimate Fighting Championship (UFC) -  аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді әрі танымал спорттық ұйым. Бас кеңсесі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан. Бүгінде UFC-дің кез-келген жекпе-жек кеші әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген телеарналар арқылы миллиондаған жанкүйер жинайтын ауқымды шараға айналған. Кәсіпқой ережесіз жекпе-жек шеберлері осы ұйым аясында бақ сынауды мақсат тұтады.

Ө. Сансызбай