Қазақ дзюдошылары Дюссельдорфтағы додаға қатысады

Қазақ дзюдошылары Дюссельдорфтағы додаға қатысады
Фото: fdk.kz

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 22-24 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында халықаралық "Grand Slam" турнирі өтеді.

Спортсүйер қауым көз тіккен жарысқа әлемнің 97 елінен 683 спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақ елінің атынан 14 дзюдошы бақ сынайды.

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Рустам Ибраев (-60 кг)
Есет Қуанов (-66 кг)
Ғұмар Қырғызбаев (-66 кг)
Нұрлан Оразалин (-73 кг)
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)
Қажымұқан Өтеулиев (-81 кг)
Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)
Ерсұлатан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әділ Оразбаев (+100 кг)

Қыздар:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес "Grand Slam" турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлемдік рейтингте 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.

Ө. Сансызбай