Головкиннің командасындағы боксшы 24 наурызда шаршы алаңға шығады

Головкиннің командасындағы боксшы 24 наурызда шаршы алаңға шығады
Фото: Ali Akhmedov (OFFICIAL PAGE)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жастар арасында WBC чемпионы Али Ахмедов 24 наурыз күні шаршы алаңға шығады.

Геннадий Головкиннің командасындағы боксшы Голливудтағы Hollywood Fight Nights бокс кешінде бақ сынайды. Қарсыласы - 37 жастағы америкалық боксшы Майк Гай (9-3-1, 5 КО). Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Али Ахмедов жуырда ғана салмақ ауыстырған еді. Осыған дейін жартылай ауыр салмақта жұдырықтасып келсе, енді супер орта салмақта бақ сынайды. Майкқа қарсы жаңа салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Айта кетейік, Али Геннадий Головкин негізін қалаған GGG Promotions промоутерлік компаниясы атынан жұдырықтасып келеді.

Ө. Сансызбай