Үміткерлер лигасы: AVANGAR-дың қарсыласы анықталды

Үміткерлер лигасы: AVANGAR-дың қарсыласы анықталды
Фото: redbull.com

PUBG Contender League алғашқы маусымының басталуына санаулы күндер қалды.

Тұрақты лигаға 32 команда қатысатын болады. Осы командалардың үздіктері PUBG Europe League - жоғарғы дивизионының іріктеуіне қатысады.

Жеребе

Жеребе қорытындысы бойынша 32 команда екі топқа бөлінді. AVANGAR командаcы А тобына түсіп, DESPERADO командасына қарсылас атанды. 

Күнтізбе

Алғашқы маусымда 4 ойын аптасы өтеді. Әр аптада командалар 4 ойын күнінде 4 картада бақ сынайды. Алғашқы аптада А тобының, екінші аптада В тобының командалары өзара сынға түседі. Ал үш және төртінші аптада екі топтың үздіктері мықтыны анықтайтын болады.

Естеріңізде болса, өткен айда PUBG ойыны бойынша халықаралық жарыстардың бірыңғай ережесі бекітілді. PlayerUnknown`s Battlegrounds ойынын жасаушылар бірыңғай реттелген жүйе бойынша үш түрлі турнир жасамақ. Аймақтық лигалар Кәсіпқой PUBG алаңы 6 аймаққа бөлінеді. Әр аймақтың тұрақты лигасы болады. Атап айтқанда: NPL (Солтүстік Америка), PEL(Европа), PKL (Корея), PJS (Жапония), сондай-ақ Қытай мен Тайвань. Ал Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхит елдерінің лигалары әзірлену үстінде.

Жарыстар FPP тәртібі бойынша өтеді. Турнирде 4 адамнан құралған 16 команда 2 картада (Мирамар және Эрангел) күш сынасады. Ойындағы көк аймақтың жылжуы, дроп және ұпай саны біршама өзгерістерге ұшыраған. Қарсыласын өлтіргені үшін 1, ал бірінші орынға 10 ұпай беріледі. 9-16 орындар үшін ұпай жоқ. Көк аймақ алғашқы 2 айналымда жылдам жылжитын болады. Ал көк аймақта қалып қойған ойыншының тірі қалуы екіталай. Ал дроп бұрынғыға қарағанда екі есе көп болады.

Маусым үш кезеңді аймақтық лигаға бөлінеді. Үзіліс кезінде 4 ірі әлемдік жарыс өтеді. Ал маусым соңында үздік шыққандар PUBG Global Championship турнирінде бақ сынайды.

Айбар Рысдәулет

Massaget