Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық шаңғышылар анықталды

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық шаңғышылар анықталды
Фото: @Ізтұрған Алдауев

19 ақпан мен 3 наурыз аралығында Австрияның Зеефельд таулы демалыс аймағында шаңғы спортынан әлем чемпионаты өтеді. Жылдың басты додасына қазақстандық спортшылар да қатысады.

Әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама тізімі жарияланды. Еліміздің атынан 12 шаңғышы қатысады. Олардың қатарында команда көшбасшысы Александр Полторанин де бар.

Ерлер құрамасы: Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Олжас Климин, Дәулет Рахымбаев, Денис Волотка.

Әйелдер құрамасы: Анна Шевченко, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Эльмира Мутагарова, Марина Матросова.

Жарыс кестесі:

21.02.2019 - спринт, еркін стиль, ерлер және әйелдер;
23.02.2019 - скиатлон, ерлер және әйелдер;
24.02.2019 - командалық спринт, ерлер және әйелдер
26.02.2019 - 10 шақырымдық жарыс, классикалық стиль, әйелдер;
27.02.2019 - 15 шақырымдық жарыс, классикалық стиль, ерлер;
28.02.2019 - эстафета, әйелдер;
01.03.2019 - эстафета, ерлер;
02.03.2019 - масс-старт, 30 шақырым, еркін стиль, әйелдер;
03.03.2019 - масс-старт, 50 шақырым, еркін стиль, ерлер;

Ө. Сансызбай