Мадридтік дербиде "Реал" жеңіске жетті

Мадридтік дербиде "Реал" жеңіске жетті

Футболдан Испания ла лигасы ХХIII турында мадридтік клубтар "Атлетико" мен "Реал" кездесті. Тартысқа толы өткен ойында "корольдік клуб" жеңіске жетті.

"Ванда Метрополитано" стадионында өткен кездесуде қонақтар 1:3 есебімен басым түсті. Бірінші голды 16 минутта Каземиро соқты. 25 минутта Антуан Гризманн есепті теңестірді. Бірінші тайм аяқталар тұста Серхио Рамос пенальтиді сәтті орындап, "Реалды" қайта алға шығарды.

55 минутта "Атлетико" екінші рет есепті теңестірген. Алайда бас төреші видеоқайталауды көргеннен кейін голды есепке алған жоқ. 74 минутта Гарет Бэйл Лука Модрич берген тамаша пасты ұтымды пайдаланып, нәтижені еселеді.

Алаң иелері соңғы 10 минутта 10 ойыншымен ойнады. 80 минутта Томас екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осы ойыннан кейін "Реал" 45 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Көш басындағы "Барселонадан" 5 ұпайға қалып келеді. Сондай-ақ каталондық клубтың бір кем ойыны бар.

Н. Үсенова