Юлия Галышева мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Юлия Галышева мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайл могулдан мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды.

БӨЛІСУ

Фристайл мен сноубордтан АҚШ-тың Парк Сити қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз алтыннан алқа тақты. Жарыс бойы көш басында болып, үздік екенін танытты.

Финалдық кезеңде Юлия Галышева 79,14 ұпай жинады. Өткен жылғы әлем чемпионы француз қызы Перрин Лаффонды да артта қалдырды. Ол қола медаль еншіледі. Күмісті аустралиялық фристайлшы Этони Джакара жеңіп алды.

Ерлер арасында жерлесіміз Павел Колмаков финалдық кезеңге өткен болатын. Бірақ үздік алтылыққа ене алмай, әлемдік сынды 16-шы орынмен аяқтады. 

Ал Аяулым Әміренова, Александр Геберт және Сергей Романовтар іріктеуден өте алмады.

Айта кетейік, құрама көшбасшыларының бірі Дмитрий Рейхерд жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатысқан жоқ.