"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасында "Барселонамен" ойнайды

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасында "Барселонамен" ойнайды
Фото: massaget.kz

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Алматыда өтеді. Бүгін жарыстың жеребесі тартылды.

"Қайрат" футзал клубы жартылай финалда Испанияның "Барселона" командасымен кездеседі.  Екінші жұпта Португалияның "Спортингі" мен Испанияның "Интер" клубы ойнайды.

Чемпиондар лигасының төрттік финалы "Алматы Аренада" өтеді. Жартылай финалдық ойындар 26 сәуір күні басталады. Финал мен 3-орынға арналған кездесу 28 сәуірде болады.

Футзалдан еурокубоктың шешуші ойындары Алматыда алғаш рет өткелі жатқан жоқ. Осыған дейін Алатау бөктерінде 2010/11 және 2016/17 маусым ойындарының финалдық кезеңі де өткен.

Айта кетейік, футзалдан 2001/2002 жылдар маусымынан бері өткізіліп келе жатқан UEFA кубогы додасы биылдан бастап Чемпиондар лигасы болып атауы мен мәртебесін өзгерткен. Әрі қатысушы командалар саны да артты.

Н. Үсенова