"Барыс" Астанада ҚХЛ көшбасшысына есе жіберді

"Барыс" Астанада ҚХЛ көшбасшысына есе жіберді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" екінші ойын қатарынан жеңілістің кермек дәмін татты. Өткен турда сырт алаңда "Сібірге" овертаймда есе жіберсе, бүгін Астанада Санкт-Петербургтің СКА командасына ұпай ұстатты.

Астанада өткен ойында қонақтар 2:3 есебімен жеңіске жетті. Бірінші болып "Барыс" сапынан Андре Петерссон шайба соққан. Алайда бірінші кезең аяқталғанша қонақтар екі шайба соғып кетті.

Екінші кезеңде командалар бір-бір шайба соғып, есеп өзгертті. Екі ұжым да ойыншы басымдығын ұтымды пайдалана білді. Елордалық команда сапынан Даррен Диц шайба соқса, СКА клубы қатарынан Наиль Якупов дубль жасады.

Үшінші кезеңде есеп өзгермеді. Қонақтар бір шайба басымдығымен жеңіске жетті.

"Барыс" 75 ұпаймен Шығыс конференцияда үшінші орында келеді. СКА болса 91 ұпаймен Батыс конференция рейтингінде көш бастап тұр.

Елордалық команда келесі кездесуін 2 ақпан күні Астанада "Йокеритке" қарсы өткізеді.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila