Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі
Фото: Janibek Alimkhanuly team

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 2 ақпан күні Техас штатындағы Фриско қаласында өткізеді. Қарсыласы - Стивен Мартинес (18-4, 13 КО). Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті тікелей эфирде көре алады.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Астана уақытымен 3 ақпан күнгі таңғы сағат 07:30-ға сәйкес келеді. QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Америкалық боксшы осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 9 кездесу өткізген. Оның 6-да қарсыласын ұтып шықса, 3 рет ұтылған. Өткен жылдың наурыз айынан бері жекпе-жекке шықпаған.

Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста ол Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

2018 жылы Жәнібек кәсіпқой боксқа ауысып, 4 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіске жетіп, біреуін нокаутпен аяқтады. 

Ө. Сансызбай