"Астана" әлемнің үздік 70 командасының тізіміне енді

"Астана" әлемнің үздік 70 командасының тізіміне енді
Фото: fcastana.kz

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемнің үздік клубтары рейтингісін жариялады.

Жаңартылған рейтингіде 2018 жылдың қортындысы бойынша "Астана" клубы 66-орынға жайғасты. Елордалық команда бір жылдың ішінде 63 сатыға көтерілген. Ел кубогын жеңіп алған "Қайрат" болса 157-орыннан 181-ге төмендеді. Ал "Тобыл" 559 сатыға бір-ақ көтерілген. Қостанайлық ұжым қазір 254-орында.

Бір қызығы "Астана" рейтингіде испандық "Реал Бетис", швейцарлық "Янг Бойз", түріктің "Фенербахче", ресейлік "Зенит" және ЦСКА командаларынан жоғары тұр. ТМД елдері арасынан Украинаның "Шахтері" мен "Динамосынан" кейін орналасқан.

Рейтингінің көш басында Еуропа лигасында қарсылас шақ келтірмеген мадридтік "Атлетико". Чемпиондар лигасын жеңіп алған "Реал" бір сатыға төмен сырғыды. Үздік үштікті Австрияның "Ред Булл Зальцбургі" түйіндеді.

IFFHS жаңартылған рейтингі.

1. "Атлетико" (Испания) – 289,00 ұпай

2. "Реал" (Испания) – 284,00

3. "Ред Булл" (Австрия) – 278,00

4. "Барселона" (Испания) – 273,00

5. "Ювентус" (Италия) – 265,00

6. "Палмейрас" (Бразилия) – 264,00

7. Атлетико Хуниор (Колумбия) – 262,00

8. "Ривер Плейт" (Аргентина) – 261,00

9. "Севилья" (Испания) – 260,00

10. "Санта-Фе" (Колумбия) – 237,00

...66. "Астана" (Қазақстан) – 150,00

181. "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) – 96,50

254. "Тобыл" (Қостанай, Қазақстан) – 79,00.

Massaget