Футболдан Қазақстан құрамасы Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 21 ақпан күні Түркияда Молдова ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

- Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны Түркияда өтеді.

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында Қазақстан құрамасы алғашқы дайындығын 15-22 ақпан аралығында Түркияда өткізеді. 21 ақпан күні Молдова құрамасымен жолдастық матч белгіленген. 

Оқу-жаттығу жиынына шақырылатын футболшылардың тізімі кейін хабарланады, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, биыл Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін бастайды. І тобында Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен ойнайды.

Қазақстан құрамасы іріктеудегі алғашқы ойынын 21 наурыз күні Астанада Шотландия құрамасына қарсы өткізеді.

Ө. Сансызбай