Владимир Кличко чемпиондық атағын қорғап қалды

Владимир Кличко чемпиондық атағын қорғап қалды

WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша қазіргі таңдағы әлем чемпионы украиналық Владимир Кличко чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 

Ағайынды Кличколардың кенжесіне қарсы поляк Мариуш Вах жұдырық түйістірген еді. Германияның Гамбург қаласында өткен жекпе-жек қорытындысында төрешілер 120-107, 120-107, 119-109 есебімен жеңісті бірауыздан Владимирге ұстатты. 

Бұл 36 жасар Кличконың ринг тарихындағы қатарынын 17-ші, жалпы 59-шы жеңісі еді. Оның ішінде 50 кездесуді нокаутпен ұтқан.

Вах болса осыған 28 кездесу өткізіп, оның 27-сін жеңіспен аяқтаған. Яғни бұл оның алғашқы ащы жеңілісі.   


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: isport.ua


Б. Қосмағамбет