"Манчестер Юнайтедтің" жаңа бапкері рекорд орнатты

"Манчестер Юнайтедтің" жаңа бапкері рекорд орнатты

Маусым соңына дейін "Манчестер Юнайтед" командасының тізгінін ұстаған норвег маманы Уле-Гуннар Сульшер командасымен 6 ойын қатарынан жеңіске жетіп, рекорд орнатты.

Манкуниандық клуб ХХІІ турда Лондондағы "Уэмбли" алаңында "Тоттенхэмді" ұтты. Ойында қонақтарға жеңіс сыйлаған голды 44 минутта Маркус Рэшфорд соқты.

"Қызыл сойқандар" Жозе Моуринью кеткеннен кейін, Уле-Гуннар Сульшер келісімен жеңісті жолын бастады. Жаңа жаттықтырушымен бастаған 6 ойында да жеңіске жетті. Бұған дейін "Манчестер Юнайтед" тарихында бірде-бір жаттықтырушы өз ойындарын бұлай бастамаған. Сондай-ақ ағылшын премьер-лигасында 5 ойын қатарынан қарсыластарын ұтып, әйгілі Мэтт Басби шәкірттерінің жетістігін қайталады. Премьер-лиганың келесі турында да жеңіске жетсе, бұл рекордты да жаңартатын болады.

"Манчестер Юнайтед" ХХІІ турдан кейін 41 ұпай жинады. "Арсеналмен" 5-6-орындарды бөлісіп тұр.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila