"Ақтөбені" беларусь маманы жаттықтырады

"Ақтөбені" беларусь маманы жаттықтырады

Беларусь маманы Александр Седнев "Ақтөбе" футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Александр Седнев есімі клуб жанкүйерлеріне жақсы таныс. Бапкер өткен маусымнан бері команданың жаттықтырушылар құрамында қызмет жасап келген.

Футбол маманы осыған дейін Могилевтің "Савит", Минскінің "Динамо", Бобруйскінің "Белшина" және Могилевтің "Днепр" клубтарында жаттықтырушылық қызмет атқарған.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар