Шымкенттік футболшы мансабын "Қайратта" жалғастырады

Шымкенттік футболшы мансабын "Қайратта" жалғастырады
Фото: fckairat.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев мансабын "Қайратта" жалғастырады.

Алматылық клубтың ресми сайты хабарлағандай, футболшы жаңа командасымен үшжылдық келісімшартқа қол қойған.

Еркебұлан Тұңғышбаев – Шымкент футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын "Ордабасыда" бастаған. 2013 жылы бір жыл "Қыранда" уақытша ойнаған. Соңғы бес маусымда "Ордабасының" негізгі ойыншысына айнала білді.

Жартылай қорғаушы шымкенттік клуб сапында 152 ойынға қатысып, 23 гол соққан. 18 нәтижелі пас берді. Ұлттық құрама сапында 12 ойынға шығып, 1 гол соқты. Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.

Н. Үсенова