Қазақстан жастары элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастары элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды
Фото ©️ IIHF

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы жұбаныш ойында Данияны ойсырата ұтып, әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды.

БӨЛІСУ

Ванкуверде өткен екінші ойында қазақстандық хоккейшілер қарсыластарын 4:0 есебімен ұтты. Бірінші ойында 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан жастары ойында алғашқы шайбаны 35 секундта-ақ соқты. Саян Данияр соққан шайбадан кейін Давид Макуцкий, Евгений Шинкарецкий мен Артур Гатиятов мергендігімен көзге түсті.

Жұбаныш ойындағы жеңіс нәтижесінде Қазақстан жастары келер жылы да элиталық дивизионда бақ сынайды. Жарыс 2019 жылдың 26 желтоқсаны мен 2020 жылдың 5 қаңтары аралығында Чехияның Острава және Тршинец қалаларында өтеді. Оған Канада, Ресей, АҚШ, Финляндия, Швейцария, Швеция, Чехия, Словакия мен Германия жастар құрамалары қатысады.