Жәнібек Әлімханұлы 2 ақпанда шаршы алаңға шығады

Жәнібек Әлімханұлы 2 ақпанда шаршы алаңға шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 2 ақпан күні Техас штатындағы Фриско қаласында өткізеді. Бұл туралы спортшының facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

- 2 ақпанда Американың Техас штаты, Фриско қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 5 жекпе-жегін өткізеді. Қарсылас осы аптада белгілі болады. Жаттығу қызу жүріп жатыр, - деп хабарлады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста Жәнібек Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

2018 жылы Жәнібек кәсіпқой боксқа ауысып, 4 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында жеңіске жетіп, біреуін нокаутпен аяқтады.