Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "МЮ"-ді маусым соңына дейін жаттықтыратын маман тағайындалды

"МЮ"-ді маусым соңына дейін жаттықтыратын маман тағайындалды

Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасын маусым соңына дейін норвег Уле-Гуннар Сульшер жаттықтыратын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Манкуниандық клубты осыған дейін португалдық маман Жозе Моуринью жаттықтырып келген. Алайда "қызыл сойқандардың" маусымдағы сәтсіздігіне байланысты бапкер кеше қызметінен босатылған еді.

- Уле-Гуннар Сульшер 2018/2019 жылғы маусымның соңына дейін бас жаттықтырушы қызметін атқарады. Оның жаттықтырушылық құрамында Майк Фелан, Майкл Кэррик және Киран Маккен қызмет жасайды, - делінген клуб хабарламасында.

Уле-Гуннар Сульшер кезінде "Манчестер Юнайтед" сапында ойнаған танымал футболшы. 359 ойынға қатысып, 123 гол соққан. Команда сапында ойнағанда 12 бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізген. Атап айтсақ, алты рет Англия премьер-лигасында жеңімпаз болған. Екі реттен Англия кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған. Чемпиондар лигасы мен құрлықтық жарыста топ жарған.

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2018, 16:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.