Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 15 команда анықталды

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 15 команда анықталды
Фото: Reuters©

Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығатын 16 команданың 15-і анықталып үлгерді. Түнде "А", "В", "С" және "D" топтарындағы ойындар аяқталды.

"А" тобы

Бұл топтан көпшілік болжаған "Боруссия д" мен "Атлетико" командалары шықты. Соңғы турда екі команда да сырт алаңда ойнады. Дортмундтық клуб Монаконы 2:0 есебімен ұтса, мадридтік команда "Брюггемен" тең ойнады (0:0).

Маусымды сәтсіз бастаған Монако жарысты аяқтаса, бельгиялық команда Еуропа лигасында бақ сынайды.

"Брюгге" (Бельгия) - "Атлетико" (Испания) - 0:0

"Монако" (Франция) - "Боруссия" (Дортмунд, Германия) – 0:2
Гол соққан: Рафаэл Геррейру, 15, 88

"В" тобы

Италияның "Интер" командасы соңғы турда сан соқты. Өз алаңында Нидерландының ПСВ клубын ұтқанда плей-оффқа шыққан болар еді. Алайда миландық клуб тең ойнап қалды. Ал Каталонияда "Барселонамен" тең түскен "Тоттенхэм" топтағы екінші жолдаманы еншіледі.

"Барселона" (Испания) - "Тоттенхэм" (Англия) – 1:1
Гол соққандар: Усман Дембеле, 7 – Лукас Моура, 85

"Интер" (Италия) - ПСВ (Голландия) – 1:1
Гол соққандар: Мауро Икарди, 73 - Ирвинг Лосано, 13

"С" тобы

Бұл топтағы ойындар да қызықты өтті. Әсіресе соңғы турдағы "Ливерпуль" мен "Наполи" ойыны тартысқа толы болды. Ағылшындық команда Мұхаммед Салах соққан голдың нәтижесінде жеңіске жетті. Ал қақпашы Алиссон Беккер командасын бірнеше сәтте голдан аман алып қалды.

ПСЖ болса соңғы турда сырт алаңда "Црвена Звезданы" ұтып, топта бірінші орын алды.

"Ливерпуль" (Англия) - "Наполи" (Италия) – 1:0
Гол соққан: Мұхамед Салах, 34

"Црвена Звезда" (Сербия) - ПСЖ (Франция) – 1:4
Гол соққандар: Марко Гобелич, 56 – Эдинсон Кавани, 10, Неймар, 40, Маркиньос, 74, Килиан Мбаппе, 90+2

"D" тобы

Бұл топта фаворит саналған "Порту" мен "Шальке" плей-оффқа жолдама алды. Ал соңғы турда Еуропа лигасына шыққан команда анықталды. "Галатасарай" өз алаңында "Портуға есе" жібергенмен, бұл мүмкіндікті уыстарынан шығармады. Ресейдің "Локомотив" клубы Гельзенкирхенде "Шалькеден" ұтылды.

"Галатасарай" (Түркия) – "Порту" (Португалия) – 2:3
Гол соққандар: Софиан Фегули, 45+1 (пен), Эрен Дердийок, 65 – Аугусто Филипе, 17, Мусса Марега, 42 (пен), Сержиу Оливейра, 57
Пенальти соға алмады – Софиан Фегули, 67

"Шальке" (Германия) – "Локомотив" (Ресей) – 1:0
Гол соққан: Алессандро Шепф, 90+1

Бүгін түнде "Е", "F", "G" және "Н" топтарындағы ойындар өтеді. "F" тобындағы бір жолдама иесі ғана анықталып үлгерген жоқ. "Шахтер Донецк" мен "Лион" бір жолдама тағдырын бүгін түнде шешеді. Өзге топтарда плей-оффқа шыққан командалар белгілі.

Сонымен Чемпиондар лигасының 1/8 финалына "Боруссия д", "Атлетико", "Барселона", "Тоттенхэм", ПСЖ, "Ливерпуль", "Порту", "Шальке", "Бавария", "Аякс", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Реал","Рома" және "Ювентус" клубтары шықты.

Н. Үсенова