Абзал Әжғалиев Алматыдағы әлем кубогында қола алды

О Сансызбай Корреспондент
Абзал Әжғалиев Алматыдағы әлем кубогында қола алды
Фото ©️ olympic.kz

Алматыдағы "Халық Арена" кешенінде шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. 19 елден 150-ге жуық спортшы қатысқан жарыста отандасымыз Абзал Әжғалиев 500 метрлік қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді.

БӨЛІСУ

Қазақстандық шорт-трекші канадалық Олимпиада чемпионы Самюэль Жирар мен 2018 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері венгр Шаоан Люді алдына жіберіп, үшінші болып мәре сызығын кесті. Өзге отандастарымыз жүлделі орыннан көріне алмады.

Айта кетейік, Абзал Әжғалиев 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарында қазақ елінің туын көтеріп шыққан спортшы.

Қазақстандық шорт-трекші әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген отандастарымыздың бірі. Осыған дейінгі мансабында (әлем кубогында) 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль алған. Алматыда қоржыны тағы бір қоламен толықты.