Ақан Сатаев қазақ боксшысы жайлы фильм түсіреді

Ақан Сатаев қазақ боксшысы жайлы фильм түсіреді

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өмір жолына арналған фильм түсіреді.

- Достар, біз өте ауқымды, қызық жобаға кірісіп кеттік, - деп жазды режиссер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақ киносының дамуына айтулы үлес қосып жүрген маман фильм постеріне сай келетін суретті де instagram парақшасында жариялады. Суреттен шаршы алаң мен оған беттеген спортшыны аңғаруға болады.

"Боксшы" деп аталатын фильмнің басты ұраны "Соңына дейін күрес. Қиындықтар уақытша. Ал жеңіс - мәңгілік" деген ұғымға саяды.

Айта кетейік, Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Вэл Баркер кубогының иегері. Екі рет әлем чемпионы (2005, 2007) және екі рет Азия чемпионы (2007, 2009) атанды.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN