Алматыда шорт-тректен әлем кубогы басталды

Алматыда шорт-тректен әлем кубогы басталды
Фото: olympic.kz

Алматыдағы "Халық Арена" кешенінде шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі басталды. 9 желтоқсанға дейін өтетін жарысқа әлемнің 18 мемлекетінен 150-ден аса спортшы қатыспақ. Олардың қатарында әлем және Олимпиада чемпиондары бар. 

Әлем кубогы кезеңі Қазақстанда алғаш рет өткізілгелі жатыр. Осыған дейінгі екі кезең Калгари (Канада) мен Солт-Лейк Ситиде (АҚШ) өтті. Алғашқы кезеңде Абзал Әжіғалиев үш бірдей Олимпиада чемпионымен жарысып, күміске иелік етті. АҚШ-та өткен екінші кезеңде Денис Никиша үздік төрттік қатарынан көрінді. 

Әлем кубогына ел атынан қатысатын спортшылар:

Әйелдер: Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихнонова, Әсел Тайшыманова, Анита Нагай, Яна Хан. 

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Мерсаит Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов және Әділ Ғалиахметов. 

Н. Үсенова