Кәсіпқой боксшылар Деонтей Уайлдер мен Тайсон Фьюри тең түсті

Кәсіпқой боксшылар Деонтей Уайлдер мен Тайсон Фьюри тең түсті
Фото: Boxing Corner

Жылдың басты жекпе-жегінің біріне баланған америкалық Деонтей Уайлдер мен британдық Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жек тең аяқталды. Аса ауыр салмағы боксшылардың кездесуі Лос-Анджелесте өтті.

Жекпе-жек жоспарланған 12 раундқа жалғасты. Бәске америкалық боксшының WBC чемпиондық атағы тігілген. Шаршы алаңдағы шайқас кезінде Деонтей Уайлдер британдықты екі рет нокдаунға түсірді. Алайда төрешілер шешімі бойынша 115:111, 110:114, 113:113 нәтижесі тіркеліп, тең аяқталды.

Деонтей Уайлдер мансабында алғаш рет қарсыласымен тең түсті. Осыған дейінгі 40 жекпе-жегінде қарсыласын жеңген. Осы жылдағы екінші кездесуін өткізді. Наурыз айында Луис Ортисті нокаутпен жеңген болатын.

Тайсон Фьюри де алғаш рет қарсыласымен тең жұдырықтасты. Биылға жоспарланған үшінші жекпе-жегін өткізді.

Ө. Сансызбай