Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 3 орын төмен сырғыды

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 3 орын төмен сырғыды
Фото: kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 3 саты төмендеп, 120-орынға жайғасты.

Станимир Стойлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы қазан айында екі ойын өткізді. Ұлттар лигасы аясында Астанада Латвиямен тең ойнап, Тбилисиде Грузияға есе жіберді.

Алғашқы ондықтағы құрамалар рейтингінде аса көп өзгеріс бола қойған жоқ. Португалия мен Уругвай құрамалары өзара орын ауысқан.

1 (1). Бельгия – 1727 ұпай,
2 (2). Франция – 1726,
3 (3). Бразилия – 1676,
4 (4). Хорватия – 1634,
5 (5). Англия – 1631,
6 (7). Португалия – 1614,
7 (6). Уругвай – 1609,
8 (8). Швейцария – 1599,
9 (9). Испания – 1591,
10 (10). Дания – 1589…

Жақша ішіндегі өткен айдағы нәтижелері

Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады.

2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді.

Ө. Сансызбай