Жас дзюдошылар Польшадан олжалы оралды

Жас дзюдошылар Польшадан олжалы оралды
Фото: fdk.kz

24-25 қараша күндері Польшаның Олесница қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста бақ сынаған қазақстандық жас дзюдошылар олжалы оралды. 

Турнирге 21 елден 347 татами шебері қатысты. Қазақстан жастар құрамасы сапында аттанған 15 дзюдошының 7-і жүлдемен оралды. Хатип Арсен мен Мықтыбеков Нұрбек баптайтын жастар құрама командасы медаль саны бойынша командалық есепте бірінші орынға ие болды. 

Ерлан Уналов (55 кг), Билал Болат (60 кг), Нұрзат Сәлімбаев (66 кг) және Шынтас Серікболсын (90 кг) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Әбілхайыр Ұлықбек (55 кг) күміс алса, Алмазұлы Сүйініш (55 кг) пен Мұқышев Айбар (73 кг) қола жүлде еншілеп қайтты.

Ө. Сансызбай