Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі Гран-При турниріне қатысады

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі Гран-При турниріне қатысады
Фото: Этери Тутберидзе (группа vk.com)

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Мәскеуде өтетін халықаралық "Rostelecom Cup" Гран-При турниріне қатысады. Жарыс 16-18 қараша аралығында өтеді.

Гран-при санатындағы турнирге әлемнің үздік спортшылары қатыспақ. Атап айтар болсақ, Алина Загитова, Вакаба Хигучи, Грейси Голд, Юра Мацуда сынды мәнерлеп сырғанаушылар Элизабетке басты қарсылас атанады. 

Мәскеудегі жарыс - биылғы Гран-При турнирінің бесінші кезеңі.

Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ресейлік маман Этери Тутберидзенің командасына маусым айында қайта оралған еді.

Спортшы мен жаттықтырушының келісімі 2022 жылғы Пекин Олимпиадасына дейін жасалған. 18 жастағы отандасымыз ресейлік маманмен 2012-2013 жылдары жаттыққан. Одан кейінгі 5 жылда канадалық Брайан Орсер жаттықтырды.

Ө. Сансызбай