Латвия мен Грузияға қарсы ойнайтын ұлттық құрама футболшыларының тізімі жарияланды

Латвия мен Грузияға қарсы ойнайтын ұлттық құрама футболшыларының тізімі жарияланды
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов "Ұлттар лигасы" аясында Латвия мен Грузияға қарсы ойнайтын ойыншылардың тізімін жариялады. Оған 24 футболшы енген.

Ұлттық құрамаға "Астана" командасынан 10 футболшы шақырту алған. "Қайраттан" 5 ойыншы тізімге еніпті. "Тобылдан" 4 ойыншы шақырту алған. Олардың қатарында Украинадан келген қақпашы Дмитрий Непогодов та бар. Шымкенттің "Ордабасы" командасынан 2 ойыншыны тізімге қосқан.  Қызылорданың "Қайсар" клубынан да 2 ойыншы ұлттық құрама жейдесін киеді. Сондай-ақ Ресейдің "Уфа" командасында ойнайтын Еркебұлан Сейдахмет бар. 

Қақпашылар: Ненад Эрич ("Астана"), Владимир Плотников ("Қайрат"), Дмитро Непогодов ("Тобыл");

Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко ("Тобыл"), Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков (барлығы - "Астана"), Александр Марочкин ("Қайсар"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Қайрат"), Темірлан Ерланов ("Ордабасы");

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы - "Қайрат"), Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де - "Астана"), Еркебұлан Тұңғышбаев ("Ордабасы"), Думан Нәрзілдаев ("Қайсар"), Максим Федин ("Тобыл");

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де - "Астана"), Бауыржан Тұрысбек ("Тобыл"), Еркебулан Сейдахмет ("Уфа", Ресей)

Резерв:

қақпашы - Александр Мокин ("Астана"),
қорғаушы - Нұралы Әліп ("Қайрат"),
жартылай қорғаушылар - Иван Антипов ("Ақжайық"), Юрий Перцух ("Атырау"),
шабуылшы - Оралхан Өміртаев ("Шахтер").

Құраманың тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.

УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан құрамасы 15 қараша күні "Астана Арена" стадионында Латвия құрамасын қабылдайды. Қазақстан-Латвия ойыны 21:00-де басталады. Ал, 19 қараша күні біздің құрама Тбилисиде Грузиямен кездеседі. 

Н. Үсенова