Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото ©️ olympic.kz

Баскетболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Үндістанның Бенгалуру қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

БӨЛІСУ

Ширек финалда қазақстандық баскетболшы қыздар Иран құрамасын 71:56 есебімен жеңіп, жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда Сирия құрамасымен кездеседі.

Қазақстан мен Сирия бір топта болған. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарына 40:56 есебімен жол берген еді.

Жартылай финалдағы екінші ойныда Гонконг пен Үндістан құрамалары кездеседі.