"Барыс" алтыншы ойын қатарынан жеңіске жетті

"Барыс" алтыншы ойын қатарынан жеңіске жетті
Фото: ХК "Барыс"

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" алтыншы ойын қатарынан жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты. Елордалық команда өз мұз айдынында Владивостоктың "Адмирал" командасын 2:0 есебімен ұтты.

Ойындағы екі шайбаны да Брендон Боченский соқты. Бірінші және үшінші кезеңде мергендігімен көзге түсті.

Алтыншы ойын қатарынан жеңіске жеткен "Барыс" 32 ұпаймен Шығыс конференция кестесінде төртінші орынға көтерілді. Келесі ойынын 1 қараша күні Астанада "Тракторға" (Челябинск) қарсы өткізеді.

Ө. Сансызбай