Эль-класико: "Барселона" "Реалды" 5:1 есебімен ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Эль-класико: "Барселона" "Реалды" 5:1 есебімен ұтты
Фото ©️ vk.com

Футболдан Испания ла лигасының Х турында "Барселона" мен "Реал" кездесті. Әлем жұртшылығы көз тіккен ойында каталондық клуб қарсыластарын 5:1 есебімен ойсырата ұтты.

БӨЛІСУ

Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өткен кездесуде "блауграна" сапынан Луис Суарес хет-трик жасады. Бірінші таймда пенальтиді сәтті орындаса, екінші таймда тағы екі гол соғып жанкүйерлерін қуантты. Филипе Коутиньо мен Артуро Видаль бір-бір голдан өз еншілеріне жазды. Ал мадридтік клубтың ойындағы жалғыз голын Марсело соқты.

"Корольдік клубты" ірі есеп айырмасымен ұтқан "Барселона" ла лигада 21 ұпаймен көш бастады. Екінші орындағы "Атлетикодан" 2 ұпайға озып келеді. Ал "Реал" болса 14 ұпаймен 9-орынға жайғасты.