Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада Евгения Медведеваны артта қалдырды

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада Евгения Медведеваны артта қалдырды
Фото: vk.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан Scate Canada Гран-при турнирінің екінші кезеңіне қатысуда. Отандасымыз қысқа бағдарламадан кейін 6-орынға жайғасты.

Қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша Элизабет 61,19 ұпайға ие болды. Ең жоғары ұпайды әлем және Еуропа чемпионы Елизавета Туктамышева иеленді. Ол 74,22 ұпай еншіледі. Екінші орында 66,51 ұпаймен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Вакаба Хигути тұр. Үшінші орында жапон Мака Ямасита (66,30 ұпай) келеді.

Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы Евгения Медведева мәнерлеп сырғанау кезінде жығылып, 60,83 ұпайға ие болды. Нәтижесінде Элизабеттен кейін 7-орында келеді.

Еркін бағдарлама жарыстары ертең таңда өтеді.

Ө. Сансызбай