Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші ойындары басталады

Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші ойындары басталады
Фото: The Hindu Patrika

Бүгін футболсүйер қауым асыға күткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші ойындар басталады. "E", "F", "G" және "H" топтарындағы ойындар өтеді.

Жарыстың жаңа ережесіне сәйкес, кей топтағы ойындар ертерек басталады. "Е" тобындағы АЕК (Грекия) және "Бавария" (Германия), "Н" тобындағы "Янг Войз" (Швейцария) бен "Валенсия" (Испания) клубтары арасындағы ойындар Астана уақытымен сағат 22:55-те басталады. Ал өзге 6 ойынның ысқырығы түнгі сағат 01:00-де шалынады.

Жанкүйерлер көбірек көз тігетін ойынның бірі Манчестерде өтеді. Қызыл сойқандар өз алаңында Туриннің "Ювентус" клубымен кездеседі. Әйгілі Криштиану Роналду өзінің бұрынғы командасына қарсы алаңға шығады. Футболсүйер қауым бұл сәтті асыға күтіп жүргені анық.

Қазақстандық жанкүйерлер QazSport арнасынан "АЕК" - "Бавария" және "Манчестер Юнайтед" - "Ювентус" ойындарын тікелей эфирде тамашалай алады. Qazaqstan ұлттық арнасы "Реал Мадрид" - "Виктория Пльзен" ойынын көрермендер назарына ұсынады.

"E" тобы

АЕК (Грекия) - "Бавария" (Германия)
"Аякс" (Нидерланд) - "Бенфика" (Португалия)

"F" тобы

"Хоффенхайм" (Германия) - "Лион" (Франция)
"Шахтер Донецк" (Украина) - "Манчестер Сити" (Украина)

"G" тобы

"Рома" (Италия) - ЦСКА (Ресей)
"Реал Мадрид" (Испания) - "Виктория Пльзень" (Чехия)

"H" тобы

"Янг Бойз" (Швейцария) - "Валенсия" (Испания)
"Манчестер Юнайтед" (Англия) - "Ювентус" (Италия)

Ө. Сансызбай