Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Джокович – жылдың үздік теннисшісі

Джокович – жылдың үздік теннисшісі

Джокович – жылдың үздік теннисшісі

Бұл күндері Ұлыбритания астанасы Лондонда теннистен ерлер арасында жылдың қорытынды турнирі өтіп жатқаны белгілі. АТР дәл осы жарыс барысында биылғы маусымда түрлі номинация бойынша өзгелерден оза шапқан теннисшілерді марапаттап жатыр.

Қорытынды жарыс аяқталған соң әлемнің бірінші ракеткасы атанатын серб Новак Джокович жылдың үздік теннисшісі болып қана қоймай, қайырымдылық шараларды көп ұйымдастырғаны үшін берілетін Артур Эша атындағы сыйлықтың жеңімпазы атанды. Бұл маусымда Новак Африка құрлығында теннистің қарқынды дамуына, UNICEF фондының жұмысына белсенді ат салысқан.

Былтырғы жылдың қорытынды жарысында топ жарған швейцариялық Роджер Федерер да Лондоннан құр алақан қайтпады. 31 жасар теннисшіге АТР қауымдастығы өте әділ де таза ойнағаны үшін Штефан Эдберг атындағы «Жыл Джентльмені» атағын беріпті. Сонымен қатар Роджер дауыс беру арқылы анықталған «Көрермен көзайымы» атағын оныншы мәрте ұтып алды.

Әуесқой теннисшілер қауымдастығы неміс жігіті Томми Хаасты жылдың «Үздік ардагер» атағына лайықтапты. 34 жасар Хаас бұл маусымда өте сәтті ойнап, үздік 25 теннисшінің қатарына енген. 14 ай жарақатына байланысты кортқа шыға алмаған Томми үстіміздегі жылы Галле турнирінде топ жарып, Гамбург, Вашингтон сынды додалардың ақтық сынына дейін жеткен.  

Жылдың «Жарық жұлдызы» номинациясы словакиялық Мартин Клижанға бұйырды. 23 жасар теннисші маусым басынан бастап есептегенде АТР санатында 83 сатыға жоғарылап, бұрнағы күні 29-сатыға жайғасқан. Ол Ресейде өткен Санкт-Петербург турнирінің жеңімпазы. Сонымен қатар US Open жарысында Жо-Уилфридом Тсонганы жеңіп, жанкүйерлердің жадында жақсы сақталып қалды.

Жылдың «Талантты теннисшісі» ретінде Маринко Матошевич таңдалды. Аустралиялық теннисші үстіміздегі жылғы маусымда АТР рейтингінде 173-сатыдан 47-сатыға дейін көтерілген.

Жұптық разрядта ағайынды Боб және Майк Брайандарға тең келер ешкім болмады. Бұл жұп АТР қауымдастығының шешімімен әрі жанкүйерлердің дауысы бойынша да жылдың үздік «жұбы» ретінде таңдалды. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: blogspot.com

243 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 07 қараша 2012, 16:09
Пікірлер
+0
07 қараша 2012, 16:59

Рлджердің ойнағаны ұнайды. шынымен де әді ойнайды

+0
07 қараша 2012, 17:13

Менікі Федерер, Әй, ондай ойыншы қайталанбас ешқашан

+0
07 қараша 2012, 22:53

Осы жылы Федерер қайта жасарғандай, бірақ ,қалай болғанда да теннисте Джокович дәуірі басталды. Сосын, көп жерде Артур Эша емес, Эш деп жазылып жүр ғой. Уалиханға ырзамын, көп қазақ журналистері теннис тақырыбына бар алмай жүр, жаңа жазбаларың көбейе берсін!

+0
08 қараша 2012, 09:29

жұрттың балдары мықтыыы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...