Данияр Елеусінов америкалық боксшыны бірінші раундта жеңіп шықты

Данияр Елеусінов америкалық боксшыны бірінші раундта жеңіп шықты
Фото: Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Бостондағы бокс кешінде америкалық Мэтт Догертиді бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. 2 минут 33 секундтан кейін төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатты. Данияр техникалық нокаутпен қарсыласын жеңді.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Келесі кездесуін 24 қараша күні Монакода өткізеді.

Ө. Сансызбай