Ла лигада көшбасшы өзгерді

Ла лигада көшбасшы өзгерді
Фото: .livesport.ru

Испания чемпионатының 9-тур ойындары басталды. "Сельта" алаңында қонақта болған "Алавес" 1:0 есебімен алаң иелерін жеңіп, қажетті 3 ұпайды алды.

Кездесудегі жалғыз голды ойынның 58-минутында Виктор Лагуардияның нәтижелі пасын сәтті пайдаланған жартылай қорғаушы Томас Пина соқты. 

Осы жеңістен кейін "Алавес" ұпайлар санын 17-ге жеткізіп, турнирде көш бастады. Бірақ одан кейінгі орындарда келе жатқан бес клуб жеңіске жететін болса, басктарға жетіп алады. 

 Ла Лига
9-тур, 19 қазан
Сельта - Алавес - 0:1 (0:0)
Гол: Томас Пина, 58. 
"Сельта": Альварес, Кабраль, Ронкалья, Мальо, Алонсо (Юльсагер, 87), Лоботка, Буфаль (Систо, 74), Мендес, Бельтран (Эмре Мор, 63), Аспас, Эккерт. 
"Алавес": Пачеко, Лагуардия, Ксимо Наварро, Дуарте, Агиррегабирия, Томас Пина, Брашанац (Вакасо, 76), Гарсия, Ибаи Гомес, Кальери (Собрино, 74), Хони (Борха Бастон, 90+3). 

Т. Раушанұлы