Тьерри Анри "Монако" футбол клубының тізгінін ұстады

Тьерри Анри "Монако" футбол  клубының  тізгінін ұстады

Франция ұлттық құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы атанған танымал футболшы Тьерри Анри "Монако" футбол клубының бас  жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Команда мен жаттықтырушы 2021 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Анри осыған дейін команданы жаттықтырып келген португалдық маман Леонарду Жардимді алмастырды. "Монако" соңғы 10 ойында жеңіске жетпеген еді.

"Монако" футбол клубы қазіргі таңда Франция чемпионатында 18-орында (20 команда ішінде) келеді. 9 турдан бар болғаны 6 ұпай ғана жинады. Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңдегі 2 ойында да ұтылды.

Айта кетейік, Тьерри Анри осы "Монако" футбол клубының түлегі. 1994-1999 жылдар аралығында ойнап, Франция чемпионы және кубогының иегері атанған. Кейіннен Италияның "Ювентус", Англияның "Арсенал", Испанияның "Барселона" және АҚШ-тың "Нью-Йорк Ред Буллз" клубтарында ойнады. Ал соңғы рет Бельгия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Роберто Мартинестің көмекшісі болды.

Н. Үсенова