Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Фото: Mario Rojas©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов Коста-Месада (Калифорния штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық боксшы Джовани Хавьер Гоместі бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Шаршы алаңдағы шайқас бастала сала Али қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуа жүріп соққының астына алды. Бүйірден тиген жойқын соққыдан кейін мексикалық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алған жоқ.

Бұл кездесуге NABF Junior чемпиондық атағы тігілді. Сондай-ақ Али жастар арасында WBC чемпиондық атағына ие отандасымыз. Кәсіпқой бокстағы 13 жекпе-жегінде де жеңіске жетті. 10 кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты.

Жекпе-жек соңынан боксшы қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. "Маған жанкүйер болған барша қазақстандықтарға рақмет айтамын. Жұмысты жақсы орындадық. Жекпе-жек ойдағыдай өтті. Алға қадам басамыз. Алға, Қазақстан!" - деді боксшы. 

Али Ахмедовтің жекпе-жегі 01:27:00-де басталады.

Айта кетейік, Али Ахмедов Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясындағы боксшылардың бірі. Бүгінгі жекпе-жекке де боксшыны GGG жаттықтырушысы Абель Санчес алып шықты.

Ө. Сансызбай