Ракитич "Барселонаның" еурокубоктағы 600-голын соқты

О Сансызбай Корреспондент
Ракитич "Барселонаның" еурокубоктағы 600-голын соқты
Фото ©️ vk.com

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші туры аяқталды. Жанкүйерлер асыға күткен тартысты ойында "Барселона" Лондонда "Тоттенхэмді" ұтты. Ал осы ойында Иван Ракитич каталондық клубтың еурокубоктағы 600-голын соқты.

БӨЛІСУ

"Уэмбли" стадионында өткен ойында испандық ұжым 4:2 есебімен жеңіске жетті. Ойында Лионель Месси дубль жасады. Аргентиналық футболшы Чемпиондар лигасында алғаш рет екі ойында қатарынан 5 гол соқты. Ал Иван Ракитич каталондық клубтың мерейлі голын соғып, жанкүйерлерін қуантты. Бір голды ағылшын жерінде доп теуіп кеткен Коутиньо өз еншісіне жазды.

"Тоттенхэм" сапынан Харри Кейн мен Эрик Ламела бір-бір голдан соқты. Ағылшындық команда топтағы екі ойында да ұтылып, ұпайсыз келеді.

"Барселонаның" еурокубоктағы мерейлі голдары:

100 - Христо Стоичков (1993 ж)
200 - Патрик Клюйверт (2000)
300 - Самюэль Это'О (2006)
400 - Давид Вилья (2010) 
500 - Лионель Месси (2014)
600 - Иван Ракитич (2018)

Түнде өткен ойындар нәтижесі:

"А" тобы

"Атлетико" (Испания) - "Брюгге" (Бельгия) - 3:1
Гол соққандар: Антуан Гризманн, 28, 67, Коке, 90+3 – Арно Греневельд, 39

"Боруссия" (Дортмунд, Германия) - "Монако" (Франция) - 3:0
Гол соққандар: Якоб Ларсен, 51, Пако Алькасер, 72, Марко Ройс, 90+2

Турнир кестесі: "Боруссия" - 6 ұпай, "Атлетико" - 6, "Брюгге" - 0, "Монако" - 0. 

"B" тобы 

"Тоттенхэм" (Англия) - "Барселона" (Испания) - 2:4
Гол соққандар: Харри Кейн, 52, Эрик Ламела, 66 - Филиппе Коутиньо, 2, Иван Ракитич, 28, Лионель Месси, 56, 90

ПСВ (Нидерланд) - "Интер" (Италия) - 1:2
Гол соққандар: Пабло Паулино Росарио, 27 – Раджа Найнгголан, 44, Мауро Икарди, 60

Турнир кестесі: "Барселона" - 6, "Интер" - 6,  "Тоттенхэм" - 0, ПСВ - 0.

"C" тобы 

ПСЖ (Франция) - "Црвена Звезда" (Сербия) - 6:1
Гол соққандар: Неймар, 20, 22, 81, Эдинсон Кавани, 37, Анхель Ди Мария, 41, Килиан Мбаппе, 70 - Марко Марин, 74 

"Наполи" (Италия) - "Ливерпуль" (Англия) - 1:0
Гол соққан: Лоренцо Инсинье, 90

Турнир кестесі: «Наполи» - 4, «Ливерпуль» - 3, ПСЖ - 3, «Црвена Звезда» - 1.

"D" тобы

"Локомотив" (Ресей) - "Шальке" (Германия) - 0:1 
Гол соққан: Уэстон Маккенни, 88

"Порту" (Португалия) - "Галатасарай" (Түркия) - 1:0
Гол соққан: Мусса Марега, 49

Турнир кестесі: "Порту" - 4, "Шальке" - 4, "Галатасарай" - 3, "Локомотив" - 0.