Латвия мен Андорраға қарсы ойнайтын футболшылар тізімі жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Латвия мен Андорраға қарсы ойнайтын футболшылар тізімі жарияланды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станимир Стоилов қазан айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы 13 қазан күні Ригада Латвиямен кездеседі, ал 16 қазан күні "Астана Арена" стадионында Андорраны қабылдайды. Бас жаттықтырушының тізіміне 24 футболшы енген.

"Астанадан" - 10, "Қайраттан" - 8, "Тобылдан" - 3, "Ордабасы" мен "Қайсар" командаларынан бір-бір ойыншы шақырту алған. Сондай-ақ Ресейдің "Уфа" клубында ойнайтын Еркебұлан Сейдахмет те тізімде бар.

Қақпашылар: Ненад Эрич ("Астана"), Владимир Плотников ("Қайрат"), Дмитро Непогодов ("Тобыл");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы - "Астана"), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (барлығы - "Қайрат");

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (барлығы - "Қайрат"), Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков (екеуі де - "Астана"), Думан Нәрзілдаев ("Қайсар"), Еркебұлан Тұңғышбаев ("Ордабасы"), Максим Федин ("Тобыл");

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Муртазаев (екеуі де - "Астана"), Бауыржан Тұрысбек ("Тобыл"), Еркебұлан Сейдахмет ("Уфа", Ресей).   

Резерв:

Қорғаушы - Александр Соколенко ("Қайрат")

Құраманың тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.