Кака футболға қайта оралуы мүмкін

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Кака футболға қайта оралуы мүмкін
Фото ©️ dynamo.kiev.ua

Бразилялық жартылай қорғаушы, 2007 жылғы "Алтын доп" иегері Кака футболға қайта оралып, Италияның үшінші дивизионындағы команда "Монца" клубымен келісімшарт жасасуы мүмкін деп хабарлайды шет елдік БАҚ өкілдері. 

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, Италияның бұрынғы премьер-министрі, "Монца" клубының иесі Сильвио Берлускони өз командасын В дивизионына алып  шығуға Какадан көмек сұраған.

БӨЛІСУ

Клубтың директоры Адриано Галлианидің айтуынша, Кака және Милан клубының бұрынғы бірнеше ойыншысы осы жобаға үлкен қызығушылық танытқан. 

Кака 2017 жылы футболдағы мансабын аяқтаған болатын. 35 жастағы бразилиялық футболшының соңғы клубы АҚШ-тың "Орландо Ситиі" болды. Кака оған дейін "Сан-Паулу", "Милан" және Мадридтің "Реал" сынды азулы командаларында доп тепкен. 

Сонымен бірге, ол 2002-2016 жылдар аралығында Бразилия ұлттық құрамасында ойнап, 92 ойында 29 рет мергендігімен көзге түсті. Ұлттық құрама сапында 2002 жылы әлем чемпионы атанды.