Павлодарда еңбектеуден жарыс өтті

Павлодарда еңбектеуден жарыс өтті
Фото: inform.kz

Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында сәбилер арасында еңбектеуден жарыс өтті. Бұл чемпионат «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның аясында ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты: жас отбасылар арасында отбасылық құндылықты насихаттау. Бұл байқауға қатысуға 40-қа жуық өтінім келіп түскен.

Жарыстың ұйымдастырушылар бекіткен өзіндік ережелері де бар. Мысалы, қатысушы сәбидің жасы 6 ай мен 1 жарым жас аралығында болу керек. Сонымен қатар, қатысушының ата-анасының жасы 35-тен аспау қажет.

«Бұл жас балақандардың барынша белсенді еңбектей бастайтын кезі саналады. Ең бастысы - сәбиді қызықтыра білу. Барлығы да балаға байланысты, біреулері тез еңбектесе, енді бірі баяу қимылдайды, тағы бірі назарын басқа жаққа аударып жатады. Өте зейінді сәбилер де бар. Олар анасына қарайтын болса, онда тек соған қарап, алға қарай еңбектейді», - деді Жастар бастамаларын дамыту орталығының жетекшісі Әсия Мұқашева.

Бұл чемпионаттың ресми атауы – «Алға baby». Бірінші кезеңнің тапсырмасы бойынша сәбилерге 10 метр қашықтыққа еңбектеді. Ата-аналар қауымы болса балаларын түрлі ойыншықтарға қызықтырып, баланың еңбектеуіне көмектесті. Ал екінші кезеңде барлық отбасы мүшелері бірге еңбектеп, сайысқа түсті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.

А. Қажиев