Головкин P4P рейтингісінде үздік үштікке кіре алмады

Головкин P4P рейтингісінде үздік үштікке кіре алмады
Фото: muzh-zhena.ru

Беделді басылымдардың бірі Worldboxingnews.net сайты салмақтық категориядан тыс әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz

Өзгерістер үздіктер үштігінде орын алды. Қазақстандық Геннадий Головкин бірден бесінші орынға сырғыды. Бұған 15 қыркүйек Сауль Альварестен жеңілуі себеп болғаны сөзсіз. Головкинді алтыншы сатыға сырғытқан мексикалық екінші орынға жайғасты. Ал бірінші орынға Василий Ломаченко, үшінші орынға АҚШ өкілі Майки Гарсия орналасты. 

Worldboxingnews.net сайты ұсынған P4P рейтингісі: 

1. Василий Ломаченко (Украина) 
2. Сауль «Канело» Альварес (Мексика) 
3. Майки Гарсия (АҚШ) 
4. Александр Усик (Украина) 
5. Теренс Кроуфорд (АҚШ) 
6. Геннадий Головкин (Қазақстан) 
7. Мэнни Пакьяо (Филиппины) 
8. Наоя Иноуэ (Жапония) 
9. Энтони Джошуа (Ұлыбритания) 
10. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд).

Т. Раушанұлы